PravionQZ жасанды интеллекттің құқықтық реттеуін дамытуға ықпал ету қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
Ассоциация по содействию
развития правового регулирования искусственного интеллекта «PravionQZ»
Жасанды интеллект тәуекелдерін басқару: халықаралық тәсілдер жәнеҚазақстан үшін маңызы
Бахыт Әбішев,
«PravionQZ» жасанды интеллекттің құқықтық реттеуін дамытуға ықпал етуқауымдастығы» ЗТБ төрағасы
Бүгінде жасанды интеллекттің дамуы мемлекеттердің алдына маңызды мәселеқойып отыр: инновацияларды шектемей және ықтимал тәуекелдерді бір мезгілдетөмендете отырып, ЖИ-ді қалай дамытуға болады?

Қазақстан жасанды интеллектті реттеудің өзіндік жүйесін белсенді түрдеқалыптастыруда. Елде «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы қолданылады, ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылдыЦифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялауы ЖИ-ді дамытуғамемлекеттік деңгейде стратегиялық мән берілетінін көрсетеді.

Әлемдік тәжірибе жасанды интеллектті басқарудың (AI Governance) маңыздыбөліктеріне мыналардың айналып отырғанын көрсетеді:
— ЖИ-жүйелерінің жұмысының ашықтығы;
— компаниялардың есептілігі;
— ЖИ тәуекелдерін тәуелсіз бағалау.

Бүгінде халықаралық тәсілдер, соның ішінде Еуропалық одақ пен АҚШ тәжірибесі, мемлекеттік органдар ең қуатты ЖИ-модельдері туралы жеткілікті ақпарат алуытиіс деген ұстанымға негізделеді. Бұл тәуекелдерді уақтылы бағалау, тиімді саясатқалыптастыру және қоғамдық мүдделерді қорғау үшін қажет.

Әлемдік тәжірибеде біртіндеп екі негізгі тәсіл қалыптасуда:
* ашықтық талаптары (transparency requirements) — компаниялар ЖИ-жүйелерініңқауіпсіздігі мен жұмыс қағидаттары туралы ақпаратты ашатын жағдайлар;
* есептілік талаптары (reporting requirements) — тәуекелдерді бағалау және ЖИ-дітиісті түрде басқаруды қамтамасыз ету үшін неғұрлым толық ақпарат мемлекеттікоргандарға ұсынылатын жағдайлар.

Мұндай тетіктер қазірдің өзінде:
— Еуропалық одақтың Жасанды интеллект туралы заңы (EU AI Act) шеңберінде;
— АҚШ-тың жекелеген штаттарының заңнамасында;
— ЖИ тәуекелдерін бағалау (AI risk assessment) және ЖИ ықпалын бағалау (AIimpact assessment) жүйелерінде қолданылуда.

Сонымен қатар халықаралық тәсіл келесі тепе-теңдікке негізделеді:
— қоғам қауіпсіздігі;
— инновацияларды дамыту;
— коммерциялық құпияны қорғау;
— ЖИ-ді жауапты түрде енгізу.

AI Governance дамуының келесі кезеңі ЖИ-жүйелерінің ішкі қауіпсіздік талаптарымен тәуекелдерді басқару талаптарына сәйкестігін тәуелсіз аудиттеу және бағалаутетіктерін енгізу болып табылады.

Қазақстан үшін бұл бағыт цифрлық трансформация және ЖИ-ді реттеудің ұлттықмоделін дамыту жағдайында ерекше өзекті болуда.

Осыған байланысты келесі бағыттар маңызды мәнге ие:
* ЖИ басқарудың ұлттық тетіктерін әзірлеу;
* ЖИ тәуекелдерін бағалау әдіснамаларын құру;
* құқық пен IT тоғысындағы ЖИ-ді тәуелсіз зерттеу жүргізетін сарапшылықұйымдарды дамыту;
* сенімді және жауапты ЖИ қағидаттарын енгізу;
* ЖИ ашықтығы мен тәуекелдерін бағалау стандарттарын әзірлеу.

"Pravion QZ" қауымдастығы жасанды интеллектті басқару тетіктерін дамытудыҚазақстанда жасанды интеллект технологияларын қауіпсіз, ашық және құқыққа сайенгізудің маңызды элементі ретінде қарастырады.

«PravionQZ» жасанды интеллекттің құқықтық
реттеуін дамытуға ықпал ету қауымдастығы»
© 2026 Pravion.QZ.
Барлық құқықтар қорғалған.